Израиль әскері Газа секторында мектепті атқылады. Шабуыл соңы өртке ұласып, 20-дан аса адам көз жұмған.
Арасында балалар бар. Мектеп ғимаратында үй-жайсыз қалған босқындар тұрып жатқан. Еврей елінің қарулы күштері ХАМАС мүшелері жасырынған ғимараттарды ғана шабуылдап жатқанын айтады. 18 наурызда Израиль Газадағы әскери операциясын қайта бастады. Осылайша тұтқындары босатпай отырған палестиналық ұйымға қысым көрсетпек.
Тегтер #Газа секторы #мектеп #шабуылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz