RU
Толық нұсқаға өту

Ыстанбұлда 200-ге жуық жер сілкінісі тіркелді. LIVE

24.04.2025, 09:37 573

Ыстанбұлдағы зілзаладан кейін тағы 184 афтершок тіркелді. Сарапшылар дүмпулердің әлі де жалғасуы мүмкін екенін айтады.  

Бүгін Ыстанбұл мен оған жақын провинцияларда түн ұзаққа созылған тәрізді. Өйткені, кешегі жер сілкінісі мен афтершоктардан үрейленген жұрт қауіпсіз аймақ ретінде белгіленген саябақ, мектеп аулалары, спорт залдар мен мешіттерге түнеді. Төтенше жағдай басқармасының мәліметі бойынша, адам шығыны жоқ. Құлау қаупі жоғары тоғыз тұрғын үй анықталды. Аталмыш кешендердің тұрғындары эвакуацияланды. Сонымен қатар, Ыстанбұлдың Фатих ауданында бір ескі, бос тұрған ғимарат құлаған. Алайда зардап шеккендер жоқ. Жер сілкінісі 300 шақырым радиустағы сыртқы аймақтарда орналасқан бірнеше облыстарда сезілді. Барлығы 184 дүмпу тіркелді.  Бұл афтершоктар алдағы күндері де жалғасуы мүмкін. Жергілікті билік, халыққа үрейге берілмей сабырмен әрекет етуге кеңес беруде. Ал үйлері бүлінген азаматтарға дереу тиісті мекемелерге хабарласуды ұсынып, жағдай тынышталғанша кірмеуді ескертіп отыр. Кешегі дүмпуден соң басқа қалаларға кетіп қалғандар да бар.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz