АҚШ-тың Нью-Джерси штатында орман өрті өршіп барады. Лаулаған жалын 5 500 гектар жерді күлге айналдырды.
Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Әзірге от-жалын жалмаған жердің 50 пайызы ғана бақылауға алынды. Апат аймағынан 5 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. 25 мың тұрғын жарықсыз қалды. Опат болғандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Тілсіз жаумен күреске ондаған өрт сөндіруші, сарбаз және ерікті жұмылдырылып, авиация қолданылып жатыр. Мамандар: «Күннің ыстық болуы өртті толық бақылауға алуға кедергі болып тұр» - дейді. Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, кейінгі 20 жылда аймақта мұндай орман өрті болған емес.
Тегтер #Нью Джерси #орман өрті #төтенше жағдайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz