RU
Толық нұсқаға өту

Аргентиналық зейнеткерлер үкіметтің үнемдеу шарасына наразылық танытты

24.04.2025, 11:50 501

Аргентинада жүздеген зейнеткер Буэнос-Айрес көшелеріне шығып, наразылық танытты.

Жиналған жұрттың ашуына тиген басты мәселе – зейнетақының аздығы. Олар әлеуметтік теңдіктің қамтамасыз етілуін талап етіп жатыр. Зейнеткерлер: «Президент Хавьер Милейдің қатаң үнемдеу саясатынан өлместің күнін кешіп жүрміз», - дейді. Ал ел басшылығы: «Экономика тығырыққа тірелді. Сондықтан бұдан басқа амал жоқ», - деп отыр.

Илда Суса, шеруге қатысушы:

- Рим Папасы Франциск көзі тірісінде: "тәртіпті бұзбаңыздар, бірақ құқықтарыңыз үшін күресіңіздер", - дейтін. Бүгін мен осы дүниені айтып жеткізгім келді. Өйткені ертелі-кеш барлығы қартаяды. Сол кезде зейнетақысы жетпей,  біз сияқты қиналып жүрмесіне кім кепіл?

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz