RU
Толық нұсқаға өту

Солтүстік Корея ядролық арсеналын тағы ұлғайтты

24.04.2025, 15:00 704

Солтүстік Корея ядролық арсеналын тағы ұлғайтты. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің бас директоры осылай деп алаңдаулы.

Рафаэль Гроссидің айтуынша, Солтүстік Кореяда ядролық оқтұмсықтардың үлкен қоры сақтаулы. Енді тағы 70-90 данасын жасауға жететін уран байытқан көрінеді. «Сондай-ақ уран байытатын жаңа зауыттың құрылысын аяқтаған. Ол іске қосылса не болмақ», - дейді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік басшысы.  

Рафаэль Гросси, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры:

- Ким Чен Ын ядролық арсеналды ұлғайту саясатын доғарар емес. Қазір уранды байыту жағы қарқынды жүріп жатыр. Йонбен мен Кансонгтан бөлек уран байытатын жаңа нысандарды тіркедік. Осы ретте Ресми Пхеньян келіссөз жүргізуге мүлде ниетті емес. Сондықтан оның бұл саладағы іс-әрекетін толық бақылау мүмкін болмай тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz