Рим папасымен қоштасу үшін Әулие Пётр шіркеуінің алдында кемі 100 мың адам кезекте тұр.
Келушілердің көптігіне байланысты жиылған жұртты тіпті түнде де кіргізуге тура келді. Негізі жоспар бойынша шіркеу түнде жабық болу керек еді. Бірақ тазалау жұмыстары кезінде ғана келушілерді уақытша қабылдамай, содан кейін қайта ашылған. Осы сағатқа дейін 50 мыңдай адам Рим-католик шіркеуінің дінбасымен қоштасып үлгерген. Бұл рәсім ертең Астана уақытымен 22:00-ге дейін жалғасады. Ал 26 сәуірде Францисктің денесі Римдегі Санта-Мария-Маджоре шіркеуіне жеткізіліп, сол жерде жерленеді. Бұл рәсімге 200 мыңға дейін адам қатысуы мүмкін.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Рим Папасы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz