АҚШ Сирияның солтүстігінен әскерін шығара бастады. Қазір жауынгерлер Эль-Хасака провинциясындағы базадан кетіп жатыр.
Өткен аптада Дэйр-эз-Зор провинциясында болған америкалық сарбаздар көрші Иракқа көшірілген. Бұған дейін Пентагон өкілдері Сириядағы АҚШ қарулы күштерінің санын қысқартатынын жариялаған. Өйткені елде лаңкестікпен күрес бойынша алға қойылған кей міндеттер орындалған. Қазір АҚШ-тың Араб республикасының солтүстік-шығысында 8 әскери базасы бар. Алдағы уақытта соның үшеуі жабылып, 2 мың сарбаздың тек 1400-і ғана қалады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Сирия #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz