Израильдің Газа секторына шабуылы күн сайын үдеп барады. Кейінгі бір тәулікте 80 адам қаза тапты.
Марқұмдардың дені әйелдер мен балалар. Al Jazeera телеарнасының хабарлауы бойынша, Израиль әскері Хан-Юнис пен Жабалия қалаларын бомбалаған. Қазір аймақта зардап шеккендерді құтқару шаралары жүріп жатыр. Израиль 18 наурызда Газа секторында соғыс қимылдарын қайта бастаған еді. Тараптар арасындағы шиеленіс «ХАМАС» тобының бітімге келу туралы жаңа келісімді қабылдауына байланысты ушығып кетті. Содан бері екі мыңнан астам палестиналық қаза тапты. Олардың ішінде – кәмелетке толмағандар көп.
Тегтер #Газа секторы #қаза тапты #Израиль #Al JazeeraPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz