АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы орман өртіне қатысы бар деген күдікпен 19 жастағы жасөспірім қамауға алынды.
Reuters агенттігінің хабарлауы бойынша, ол орманға жақын жерде от жағып, оны сөндірмей кеткен. Енді ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өрт әлі толық дес бермей тұр. Қазір 6 мың гектардан астам жер өртеніп кеткен. Апат аймағында төтенше жағдай жарияланып, 5 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Тегтер #Нью Джерси #орман өрті #АҚШ #қамауға алу #күдіктіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz