RU
Толық нұсқаға өту

ДДСҰ: әлем тұрғындарының 20%-ында аллергия бар

25.04.2025, 13:50 533

Жер беті тұрғындарының 20%-ында әртүрлі деңгейдегі аллергия бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша аллергиялық аурулар таралуы жағынан жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардан кейін үшінші орында тұр.

Жыл сайын әлемде аллергиямен ауыратын адамдардың саны шамамен 30 млн-ға артып отырады. Сарапшылардың болжамы бойынша, биыл жыл соңына дейін Жер шары халқының тең жартысы аллергиядан зардап шегуі мүмкін. Ең кең таралған түрлеріне маусымдық аллергия, тағамдық аллергия, демікпе және атопиялық дерматит жатады. Мысалы, АҚШ-та 32 миллион адам тағамдық аллергиядан зардап шегеді. Ал Еуропада бұл көрсеткіш – 17 млн адам. Сарапшылардың пікірінше, аллергияның таралуына жаһандық жылыну әсері бар. Ауа температурасының жоғары болуына байланысты өсімдіктер көп мөлшерде тозаң бөледі. Соның салдарынан адамдарда тыныс алу қиындайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz