RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-тың арнайы өкілі Ресей президентімен кездесті

25.04.2025, 19:45 518

АҚШ Президентінің  арнайы өкілі Стив Уиткофф бүгін Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті. Кремль басшысы дипломатты жылы қабылдады.

Батыс ақпарат құралдарының мәліметінше, Стив Уиткофф Ресей президентімен Дональд Трамптың Украина бойынша «соңғы» жоспарын талқылайды. Рейтер агенттігі Ақ үй басшысының «қорытынды ұсынысының» мәтінін жариялады. Оған сәйкес АҚШ «Қырымды Ресей жері» деп мойындаса, ресми Мәскеу Украинаға Харьков аймағын толық қайтаруға тиіс. Сондай-ақ Украина НАТО-ға қосылмайды. Бірақ Еуроодақ құрамына кіре алады. Есесіне Ресей экономикалық қыспақтан босатылады делінген. Трамптың арнайы өкілі Ресейге осымен 4-ші рет келіп отыр. Ал бүған дейін АҚШ-тың вице-президенті Джей ди Вэнс ресми Киев пен Кремль Американың бейбіт жоспарына келіспесе, Құрама Штаттар келіссөзді одан әрі жалғастырмайды деп мәлімдеген еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz