Өзбекстан 6 ірі су қоймасы мен 80-ге жуық гидроэлектрстанциясына құрылғылар орнатып, онлайн бақылау жүйесін енгізді.
Жаңа технология судың деңгейі мен қысымын, сапасы мен салмағын датчиктердің көмегі арықлы бақылайды. Жалпы Өзбекстанда 50-ден астам ірілі ұсақты су қоймасы бар. Алдағы уақытта олардың барлығына осындай жүйе орнатылады.
Су қоймаларында орнатылған құралғылар италиядан жеткізілген. Сапа жағынан кепілдігі бар. Басқару орталығындағы мамандар жағдайды мына мониторлар арқылы көріп, біліп отырады. Қауіпсіздікке де аса мән берілген-дейді мұндағылар. Осыдан бес жыл бұрын «Сардоба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы екі ауылды басып қалғаны бар. Сол себепті , жаңа қондырғылар елдегі ең ірі, әрі ең қауіпті 6 қоймаға орнатылып отыр.
Кабул Икрамов, «Өзбекгидроэнерго» АҚ Цифрландыру басқармасының басшысы:
- Осының барлығын біріктіріп, орталықтан басқару үшін бізге 122 шақырым оптикалық байланыс жүйесін қосуға тура келді. Өзіміздің ұжымдық байланыс жүйесін жасадық. Ақпараттарды қорғауға ерекше басымдық берілген. Су қоймаларының табынына дейін дачик қойдық. Себебі су түбіндегі плиталардың да қозғалысын бақылап отыру маңызды.
Мұндай технология АҚШ, Канада, Италия мен Ұлыбританияда кеңінен қолданылады. Су үнемдеуде де жүйенің артықшылығы мол. Себебі немістің «Жерді зерттеу орталығы» «Орталық Азиядағы су» бағдарламасы аясында ғарыштық бақылауды іске қосқан. Жүйе аймақтағы су мөлшері мен қорды дәл ме дәл болжайды.
Суды үнемдеу, салаға жаңа технология енгізу, Орталық Азия елдері үшін өзекті. 2050 жылға қарай аймақта тіршілік нәріне -деген сұраныс артып, өзендерден келетін су көлемі 20-25 пайызға кемиді - деген болжам бар. Ғалымдар оның негізгі екі факторын алға тартады. Ол климаттың өзгеруімен Орталық Азия мемлекеттеріндегі адам санының өсуі. Сондай-ақ оған ауғандардың көне әдіспен салып жатқан «Куштепа» су қоймасын да қосуға болады. Себебі 2028 жылы Әмудариядан келетін өзен суы 20 пайызға азаятыны белгілі болды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Өзбекстан #су қоймаларыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz