Газа секторында азық-түлік қоры таусылуға шақ тұр. БҰҰ өкілдері осылай деп дабыл қақты.
Олардың айтуынша, аймаққа гуманитарлық көмек кірмегелі 7 аптадан асты. Ал еріктілер қайырымдылық асханаларына тамақтың соңғы қорын таратып берген. Халықаралық қауымдастық мамандары: «шекараның жабылуы одан әрі созылса, Газа секторын аштық жайлайды» деп қауіптенеді. Сондықтан Израильді өткізу бекеттерін ашып, гуманитарлық көмек жеткізуді реттеуге шақырды. 2023 жылы қазан айында палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильге шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде еврей билігі Газа секторында ауқымды әскери операция жүргізіп келеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Газа #тұрғындарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz