RU
Толық нұсқаға өту

Иранда порттағы жарылыстан жарақат алғандар саны 750-ге жетті

27.04.2025, 09:05 473

Иран портындағы жарылысқа химиялық заттардың дұрыс сақталмауы себеп болуы мүмкін.

The New York Times басылымының дерегі бойынша Бендер-Аббас қаласының маңындағы Шахид Раджаи қоймасында натрий перхлораты тұрған контейнер жарылған. Бұл - зымыран отынын жасау үшін қолданылатын химиялық компонент. Соңғы ақпарат бойынша порттағы жарылыстан 14 адам опат болып, тағы 750-ы жарақат алды. Оқиға орнында Қызыл жарты ай ұйымының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті билік тұрғындарға есік-терезелерін бекітіп, сыртқа шықпауға кеңес берді. Айта кетейік, Шахид Раджаи порты Иран сауда тасымалының басты өткелі саналады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz