Ирандағы жарылыстан опат болғандар саны 18-ге жетті. Тағы 800-ден аса адам жарақат алған.
Төтенше жағдай Бендер-Аббас қаласының маңындағы Шахид Раджаи портында болды. The New York Times басылымының дерегі бойынша, жарылысқа химиялық заттардың дұрыс сақталмауы себеп болуы мүмкін. Қоймада натрий перхлораты тұрған контейнер жарылған. Бұл - зымыран отынын жасау үшін қолданылатын химиялық компонент. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті билік тұрғындарға есік-терезелерін бекітіп, сыртқа шықпауға кеңес берді. Айта кетейік, Бендер-Аббастағы порт Иран сауда тасымалының басты өткелі саналады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Иран #портPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz