RU
Толық нұсқаға өту

Лондонда ерекше велошеру өтті

27.04.2025, 13:34 539

Лондонда өзгелеріне мүлде ұқсамайтын ерекше велошеру өтті. Оның шарты бойынша велошабандоздар ең сәнді твид костюмін киіп, сайысқа түседі.

Қатысушыларға мұндай талап қоюдың өзіндік себебі бар. Өйткені Твид костюмі дәстүрлі британиялық гардеробтың бірі бөлігі, яғни ағылшын стилінің символы саналады. Велошабандоздар Әулие Павел шіркеуі, Вестминстер сарайы сияқты Лондонның ең танымал ғимараттары орналасқан көшелерімен  16 шақырымды жүріп өтті. Спорттық шараның соңында ең сәнді киінген қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz