RU
Толық нұсқаға өту

Иранда порттағы жарылыстан опат болғандар саны 25-ке жетті

27.04.2025, 15:04 421

Ирандағы жарылыстан опат болғандар тізімі тағы өсті.

Соңғы ақпарат бойынша, 25 адам өлім құшты. Тағы 1100-ден астамы жарақат алған. Төтенше жағдай Бендер-Аббас қаласының маңындағы Шахид Раджаи портында болды. New York Times басылымының дерегі бойынша жарылысқа химиялық заттардың дұрыс сақталмауы себеп болуы мүмкін. Қоймада натрий перхлораты тұрған контейнер жарылған. Бұл - зымыран отынын жасау үшін қолданылатын химиялық компонент. Қазір аймақта төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті билік тұрғындарға есік-терезелерін бекітіп, сыртқа шықпауға кеңес берді. Бендер-Аббастағы порт Иран сауда тасымалының басты өткелі саналады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz