RU
Толық нұсқаға өту

Ванкуверде бәзбіреу көлікпен бір топ адамды қағып кетті

27.04.2025, 15:06 438

Канаданың Ванкувер қаласында жүргізуші көлікпен бір топ адамды қағып кетті. 8 адам көз жұмды.

Тағы 6-ы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай құрбан болғандар арасында бір бала бар. Қайғылы оқиға Филиппиннің ұлттық мерекесін көшеде тойлау кезінде болған. Күдікті дереу ұсталды. Оның бұрын да істі болғаны анықталды. Мұндай қылмысқа неліктен барғаны белгісіз. Тергеу амалдары басталып кетті. Канада Премьер-министрі Марк Карни әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жақындарынан айырылғандарға көңіл айтты. Сарапшылар елде көпшілік қатысатын шаралар қауіпсіздігін күшейту қажет деп отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz