RU
Толық нұсқаға өту

Жасанды интеллект арқылы өндірістік жарақаттарды азайтуға болады

28.04.2025, 07:44 379

Әлемде жыл сайын 2,78 млн адам қызмет барысында түрлі жарақат салдарынан көз жұмады.

Бұл Халықаралық Еңбек ұйымының дерегі. Сонымен қатар жыл сайын 374 млн қызметкер 4 күннен артық еңбекке жарамсыздыққа ұшырайтын жазатайым оқиғаларға тап болады. Осылайша еңбек қауіпсіздігінің бұзылуы салдарынан жыл сайын әлемдік экономикаға 3,9 трлн АҚШ доллары шамасында шығын келеді. Шығынның орнын толтырмаққа қазір бірқатар ел жасанды интеллект жүйесін енгізіп жатыр.

McKinsey сараптамылық компаниясының есебіне сәйкес, жасанды интеллект технологияларын қолданған кәсіпорындарда жазатайым оқиғалар 40%-ға азайған. Бұл яғни заттар интернеті және ақылды құрылғыларды пайдалану арқылы бірқатар өнеркәсіп орындарында өндірістік жарақаттар 50%-ға қысқарған. Сондай-ақ ұйым жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, цифрлық қауіпсіздік платформаларын енгізген ұйымдардың 90%-ы қызметкерлердің қауіпсіздікке деген жауапкершілігі артқанын және тәртіп бұзушылықтардың азайғанын атап өткен. Мәселен британдық Shell компаниясы қауіпсіздік мақсатында Жасанды интеллектіні пайдаланып, жазатайым оқиғалар санын 35% азайтқан. Ал Siemens компаниясы виртуалды шындық технологиясы арқылы қызметкерлерді оқытып, қауіпсіздік бойынша емтихан тапсыру көрсеткішін 45%-ға арттырған.

Джонатан Фрэнкэль, Nucleus стартапының негізін қалаушы:

- Жасанды интеллект пен автоматтандыру жұмысшылардың жылына 245 сағаттай уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті жақсартады. Робототехника жұмыс орындарында қауіпсіздікті арттырып, қайталанатын тапсырмаларды азайтуға көмектеседі. 

Қоймаларда ауыр заттарды роботтар көтереді

АҚШ-тағы Amazon, Google, IBM, Microsoft секілді алпауыт компаниялар қызмет барысында жасанды интеллект жүйесінің пайдасын көріп отыр. Мәселен, Amazon компаниясының қоймаларында жұмысшылардың қимылын бақылайтын арнайы алгоритмдер бар. Бұл жарақаттың алдын алу үшін қолданылады. Ал, немістің Siemens, Bosch сияқты ірі компаниялары VR мен AR технологияларын қауіпсіздік тренингтерінде пайдаланады. Жапония болса, қартайып бара жатқан халықтың орнына роботтандырылған жүйелер мен ақылды құрылғыларды белсенді енгізіп жатыр. Mitsubishi, Toyota секілді зауыттарда жұмысшылармен бірге қозғалатын роботтар бар. Олар ауыр заттарды көтеруге көмектеседі.

Фудзицу компаниясының ЖИ негізіндегі алгоритмдері 

Фудзицу компаниясы Жапониядағы жұмыс орындарында ыстықтан болатын зақымдануларды азайту үшін ЖИ негізіндегі алгоритмдер әзірледі. Ол арқылы температура, ылғалдылық, жүрек соғу жиілігі сияқты деректерді талдап, жұмысшылардың ыстықтан болатын стресстік деңгейін бағалайды. Нәтижесінде жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар уақытында қабылданады.

Жапондық компаниялар жи арқылы жұмысшының көңіл-күйін бақылайды

Жапондық компаниялар үшін қызметкерлердің көңіл-күйі маңызды. Бірқатар жұмыс орындарында, ЖИ технологияларын пайдаланып, адамдардың шаршау деңгейін, эмоционалды күйін және зейінін бақылайды. Мәселен қызметкер ұзақ уақыт бойы бір орында тұрса немесе шаршау белгілері байқалса, жүйе үзіліс жасау туралы хабарлама жібереді. Сондай-ақ жұмысшылардың оқыс оқиғаларға эмоционалды және физикалық тұрғыдан дайын болуын қамтамасыз ететін жүйелер де бар. Мысалы электр сымдарына жақындағанда немесе биікте жұмыс істеу кезіндегі дұрыс әрекет алгоритмін үйретеді. Сондай-ақ «Ақылды каскалар» мен «смарт білезіктер»  арқылы жұмысышының дене қызуы, жүрек соғысы, тіпті гидратация деңгейі бақыланады. Ауада зиянды газ концентрациясы немесе температура жоғарыласа - ЖИ жүйесі бірден ескерту береді. Бұл - тек технологиялық жетістік емес, жапондық мәдениетінің көрсеткіші. Олар адам өмірін қорғауды басты құндылық деп санайды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz