RU
Толық нұсқаға өту

Ванкуверде адамдарды көлікпен қаққан күдіктіге «кісі өлтірді» деген айып тағылды

28.04.2025, 07:55 433

Ванкуверде адамдарды көлікпен қаққан күдіктіге «кісі өлтірді» деген айып тағылды. Бұл туралы CBC телеарнасы хабарлады. 

Соңғы ақпарат бойынша оқиғадан 11 адам көз жұмды. Тағы ондағаны жарақат алып, ауруханаға түскен. Кейбірінің хәлі мүшкіл. Сондықтан қаралы тізім әлі өсуі мүмкін. Құрбандар арасында 5 жасар қыз бар. Қайғылы оқиға Филиппиннің ұлттық мерекесін көшеде тойлау кезінде болған. 30 жастағы жүргізуші жиылған жұртты жол талғамайтын көлікпен қаққан. Мұндай қылмысқа неліктен барғаны белгісіз. Бірақ психикалық ауытқуы бар күдікті осыған дейін істі болғаны анықталды. Қазір Ванкувер тұрғындары құрбандарды еске алып, гүл шоқтарын қойып жатыр. Канада полициясы болған оқиға лаңкестік әрекет емес деп мәлімдеді.    

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz