Үндістан Исламабадқа сес көрсетті. Елдің әскери-теңіз күштері Пәкістан жаққа баллистикалық зымыран атты. Мұны Рейтер агенттігі хабарлады.
Бұл - Үндістанның ең ұзақ қашықтыққа ұшырған зымыраны. Әскери теңіз күштері сынақ сәтті өткенін мәлімдеді. Соңғы күндері екі ел арасында қарым-қатынас шиеленісіп тұр. Жуырда Кашмирде лаңкестер туристерге оқ атып, 30-ға жуық адамды мерт қылды. Терактіні ұйымдастырғандардың екеуі - Пәкістан азаматы. Сондықтан Үндістан «лаңкестердің артында ресми Исламабад тұр деп санайды. Бұған жауап ретінде шекараны жапты. Сондай-ақ трансшекаралық суларды бірлесіп пайдалану туралы келісімнен шықты. Ал Пәкістан террактіге қатысты бейтарап тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Халықаралық қауымдастықты шындықтың бетін ашуға шақырды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Үндістан #ПәкістанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz