Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында оқушы пышақ сілтеп, 6 адамды жаралады.
Рёнхап агенттігінің ақпараты бойынша, оқыс оқиға шаһардағы орта мектепте болған. Зардап шеккендер қазір ауруханада. Олардың арасында мұғалім де бар. Жергілікті ақпарат құралдары жараланғандардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады. Ал шабуылдаушы өмірімен қош айтыспақ болып, суға секірген. Бірақ оны құтқарып үлгерді. Қазір ауруханада. полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #корея #мектепPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz