Иран аза тұтып жатыр. Бүкіл ел алдағы 3 күнде порттағы жарылыстан опат болғандарды еске алады.
Соңғы ақпарат бойынша 40 адам қаза тауып, тағы 1200 ден аса тұрғын жарақат алды. Қоймадан қайта өрт шыққан. Қазір қызыл жалын сөндіріліп жатыр. Төтенше жағдай Бендер-Аббас қаласының маңындағы Шахид Рад-жаи теңіз портында болған. Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, жарылысқа химиялық заттардың дұрыс сақталмауы себеп болуы мүмкін. Иран басшылығы «жарылыс болған қоймада әскери мақсаттағы тауарлар болған жоқ» деп мәлімдеді. Жергілікті билік тұрғындарға есік-терезелерін бекітіп, сыртқа шықпауға кеңес берді. Бендер-Аббастағы порт, Иран сауда тасымалының басты өткелі саналады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Иран #қаралы күн #аза тұту күні #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz