Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио телефон арқылы сөйлесті.
Екі елдің дипломаттары күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша пікір алмасты. Әсіресе Украинадағы қарулы қақтығысқа ерекше назар аударылды. Сергей Лавров пен Марко Рубио шиеленісті бейбіт жолмен реттеу үшін алғышарттар қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. «Осыған дейін Американың мемлекеттік хатшысы Украина мен Ресей жуырда бейбіт келісімге қол қоюы керек. Әйтпесе Вашингтон келіссөзді жалғастырмайды деп мәлімдеген. Ал Ресей Сыртқы істер министрі «асығыстық» тек кедергі келтіреді», - дейді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ресей #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz