АҚШ-тың беделді университеттері Ақ үй әкімшілігіне қарсы бірлестік құрды.
Жоғары оқу орындары билікпен қандай деңгейде келісе алатынын және ұстанатын бағытын айқындамақ. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады. Университет басшылары студенттерді қабылдау, кадрлық саясат пен оқу талаптары сияқты мәселелерде академиялық дербестікті сақтап қалуға ниетті. Айта кетейік, Ақ үй әкімшілігі әр-алуандық, теңдік және инклюзия бағдарламасынан бас тартуын талап етіп отыр. Университет басшылықтары болса мұндай іс-әрекеттер академиялық еркіндік құқығына қайшы дейді. Олардың қатарында Гарвард, Принстон, Йель сияқты жоғары оқу орындары бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #Ақ үйPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz