RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ әуе күштері Йемендегі босқындарға арналған орталықты бомбалады

28.04.2025, 20:30 445

АҚШ әуе күштері Йемендегі босқындарға арналған орталықты бомбалады. Соңғы ақпарат бойынша 68 адам ажал құшты. Тағы 47-сі жарақат алған.

Ұшақтар елдің солтүстік-батысындағы Саада қаласындағы орталықты атқылаған. Ғимаратта Йемен арқылы Сауд Арабиясына шекара аспақ болған 115 эфиопиялық мигрант болған.

Еске салайық, АҚШ өткен айда Йемендегі хуситтерге қарсы ауқымды операция бастады. Бұған елдегі көтерілісшілердің Израиль мен Америка кемелерін атқылауы түрткі болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz