Испанияда пойыздар жүрмей қалды. Әуежай мен метро да жұмыс істемейді.
Мыңдаған адам жолынан қалды. Ел астанасы Мадридте интернет пен телефон байланысы жоқ. Және бұл Испанияда ғана емес Батыс Еуропаның бірқатар еліндегі жағдай. Себеп - Еуропаның энергетикалық жүйесі істен шығып миллиондаған адам жарықсыз қалды. Португалияда да осындай жағдай. Франция мен Андорраңызда да электр энергиясы уақытша шектелді. Дегенмен кейбір өңірлерде жарық ішінара беріліп, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ақаудың неден шыққаны әзірге белгісіз. Кей мәлімет бойынша бұл кибершабуылдың салдары болуы мүмкін. Бұны нақты анықтау үшін испан үкіметі шұғыл отырыс өткізіп, арнайы штаб құрды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Испания #пойыздар
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz