RU
Толық нұсқаға өту

Кейптаунда 3 мың гектар жер жанып кетті

29.04.2025, 09:05 444

Оңтүстік Африка Республикасының оңтүстік-батысында 3 мың гектар орман күлге айналды.

Мамандар тәулік бойы өртті сөндіре алмай әлек. Бұған желдің екпіні кедергі келтіріп тұр. Тілсіз жаудан «Үстел тауы» ұлттық паркі қатты зиян шеккен деп хабарлайды Ассошиэйтед пресс агенттігі. Бұл жерде бір түнде өрттің 3 ошағы анықталды. Әзірге опат болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір өртті сөндіруге 250 маман мен 4 тікұшақ жұмылдырылды. Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz