Үндістанның Кашмир аймағына лаңкестік шабуылдан кейін туристер біртіндеп оралып жатыр.
Күніне 7 мыңдай турист баратын өңірге оқиғадан кейін келушілер күрт азайған. Қазір қонақүйлер мен дүкендер босап қалған. Бірақ жергілікті кәсіпкерлер саяхатшыларға алаңдауға негіз жоқ деп, аймаққа қайта келуге үндеді. Өйткені олар тұрақты табыс көзінен айырылып қаламыз ба деп алаңдайды. Еске салайын, өткен аптада лаңкестік топ Кашмирде шабуыл ұйымдастырып, 26 адам көз жұмды. Дені – туристер.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Үндістан #Кашмир #туристерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz