RU
Толық нұсқаға өту

Ташкенттегі өнеркәсіп көрмесіне қазақстандық компаниялар қатысты

29.04.2025, 13:52 659

Ташкентте «Иннопром» 2025 Орталық Азия өнеркәсіп көрмесі өз жұмысын бастады.

Халықаралық іс-шараға қазақстандық компаниялар қатысып жатыр. Отандық ұжымдар тау кен, құрылыс, машина жасау саласына қажетті технологияны көпшілік назарына ұсынды. Көрменің алғашқы күнінен-ақ шетелдіктер тарапынан қазақстандық өнімге қызығышулық танытқандар аз болмады. Келіссөздер жүргізіліп, серіктестер табылған. Биылғы көрмеге 35 елден 500-ге тарта компания қатысып жатыр. Олардың ішінде Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясының іргелі ұжымдары төбе көрсетті.

Севара Атабаева, Өзбекстандық компания өкілі: 

- Мұндай көрмелер бізге серіктес табуға өте жақсы мүмкіндік дер едім. Біз бірнеше компаниямен келіссөз жүргізіп үлгердік. Көптеген елдердің ұжымдарымен танысып, пікір алмастық. Жалпы айтқанда, біз сияқты жас ұжымдарға көрменің көмегі тиіп жатыр.

«Көрмеде өнеркәсіп саласының жас мамандарына экспотурлар ұйымдастырылады. Бұл болашақ кадрлар үшін өте қажет», - дейді мұндағылар. Себебі қолына диплом алған жас маман жаңа технология көшінен қалмауы тиіс. Көрме 3 күнге жалғасады. Келесі иннопром жиыны Ресейде ұйымдастырылады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz