RU
Толық нұсқаға өту

Газада аштықтан әлсіреген 65 мың бала ауруханаға түсті

29.04.2025, 22:52 980

Газа секторында 65 мыңнан аса бала тойып тамақ ішпегендіктен ауруханаға түскен, деп хабарлайды 24kz.

Қазір өңірге сырттан гуманитарлық көмек жеткізілмейді. Бұған наурыздың басынан бері Израиль әскері рұқсат бермей отыр.

«Өйткені ХАМАС мүшелері халықаралық ұйымдардан келген жүкті қара нарықта сатып, түскен ақшаны әскери операцияларына жаратып жатыр», - дейді. Бірақ палестиналық ұйым мұның өтірік екенін айтады. Газадағы гуманитарлық ахуалдың ушығуына байланысты Израиль билігіне халықаралық қысым күшейіп барады. Сондықтан қазір еврей елі сырттан келетін көмекті кіргізуге рұқсат беру мәселесін талқылап жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz