RU
Толық нұсқаға өту

Иракта құмды дауыл соғып, 400-ге жуық адам ауруханаға түсті

30.04.2025, 22:24 607

Ирактың оңтүстігінде де құмды дауыл соқты, деп хабарлайды 24kz.

Соның салдарынан 400-ге жуық адам ауруханаға түскен. Жолдағы көру мүмкіндігі күрт нашарлады. Осыдан екі апта бұрын дәл осы өңірде ұқсас жағдай болған еді. Құмды дауыл – Таяу Шығыста жиі қайталанатын құбылыс. Оның бір себебі – климаттың өзгеруі. Бұл әсіресе, Иракта қатты байқалып отыр. Мемлекет климаттың өзгеруінен ең қатты зардап шегіп отырған 5 елдің қатарына кіреді. Аптап ыстық пен қуаңшылық ауыл шаруашылығына көп зиян келтіріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz