Газа секторында 10 мыңнан аса адамға медициналық эвакуация қажет. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлайды. Көбі – атыс-шабыс кезінде ауыр жарақат алғандар. Арасында созылмалы аурулары бар науқастар да аз емес.
Газада оларды емдейтін жағдай жоқ. Өйткені қарулы қақтығыстан күн сайын ауруханаға түсіп жатқан адам көп. Медицина мекемелерінің көбі қираған. Науқастарды жатқызатын орын жетпей жатыр. Дәрі-дәрмек те тапшы. Себебі наурыздың басынан бері Израиль әскері Газаға гуманитарлық көмекті кіргізуге рұқсат бермей отыр.
Тегтер #Газа секторы #науқастар #дәрі дәрмек #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz