Гринпис өкілдері Дональд Трамптың Шотландиядағы гольф алаңы жанындағы жағажайда АҚШ Президентінің алып суретін салды. Экобелсенділер осылай әлемдік қауымдастық назарын Ақ үй басшысының қоршаған ортаны қорғау мәселесіне немқұрайлы қарайтынына аударғысы келген.
Дональд Трамп қызметіне кірісе салысымен Париж климаттық келісімінен шыққан еді. Жуырда Гринпис өкілдері Лондондағы АҚШ елшілігінің маңындағы тоғанға бояу төгіп, Ақ үйдің Израильге қару-жарақ сатуына наразылығын білдірген еді.
Тегтер #Шотландия #экобелсенділер #Дональд Трамп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz