Вашингтон мен Киев табиғи ресурстар туралы келісімге қол қойды. Құжат пайдалы қазбаларды бірлесіп игеру мен Украинаны қалпына келтіруге арналған қор құруды көздейді. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі хабарлады.
Келісімге сәйкес АҚШ тарапы бұған дейін берілген әскери көмекті қайтарымсыз, ал осы уағдаластықтан кейінгі қаржылай қолдауды инвестиция деп таниды. Дегенмен сарапшылар келісімшарт АҚШ-қа артықшылық беретінін айтады. Қор 10 жыл жұмыс істейді және Украина ол арқылы жер қойнауын толық бақылауында ұстай алады. Ол елдің Еуропалық Одаққа кіруіне де кедергі келтірмейді. Енді келісімді Украина Жоғарғы Радасы бекітуге тиіс.
Тегтер #табиғи ресурстар #жер қойнауы #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz