Былтыр Еуропалық Одақта кедейлік көрсеткіші артып, 93 миллион адам жоқшылық зардабын тартқан. Бұл халықтың шамамен 21%-і.
Еуропалық статистика қызметінің мәліметі бойынша тұрмыс жағдайының төмендеуіне табыс көзінің аздығы, материалдық және әлеуметтік салалардағы қиындықтар, сондай-ақ жұмыссыздық секілді факторлар әсер еткен. Әсіресе ең төменгі көрсеткіштер Чехия, Словения және Нидерландыда тіркелген. Одақ басшылығын Болгария, Румыния, Греция, Испания және Литвадағы ахуал да алаңдатып отыр.
Тегтер #Еуропа одағы #кедейлік #жұмыссыздық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz