Біріккен Ұлттар Ұйымы бірқатар бөлімін біріктіреді. Өйткені қаржы жоқ. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Әдетте Ұйымның бітімгерлік операциялары үшін бюджеті бөлек. Бірақ биыл қажетті қаржы қоры жиналмаған. Оған басты донор – АҚШ-тың тиісті жарнаны аудармауы себеп.
Сөйтіп, қызметкерлердің жалақысын төлеу қиындаған. Бұған Швейцарияда жүздеген адам қарсы шығып, наразылық білдірді. Бұл былай тұрсын, енді ұйымның халықаралық көші-қон агенттігі таратылуы мүмкін. Ал ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты ірі агенттіктер бір гуманитарлық органға біріктірілмек.
Тегтер #БҰҰ #АҚШ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz