Кейінгі бес жылда әлемнің 35 елінде бас директорлардың жалақысы қатардағы қызметкерлерге қарағанда 50% өскен. Бұл халықаралық Oxfam ұйымының дерегі. Зерттеу 1 млн доллар табыс табатын екі мың компанияның топ-менеджерлері арасында жүргізілген.
Еуропада ең жоғары жалақы алатын бас директорлар Ирландия мен Германияда тұрады екен. Олардың орташа табысы 6 млн 700 мың доллар. Былтыр әлемдегі бай-манаптардың дәулеті 206 миллиард долларға артқан. Олар сағатына 23 мың доллар табыс тапқан. Сарапшылар жалақы бойынша теңсіздік әлемнің барлық елінде барын айтады. Алшақтық әсіресе табысы төмен мемлекеттерде көп.
Тегтер #бас директор #жалақы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz