RU
Толық нұсқаға өту

Жапония тариф бойынша келіссөзде АҚШ-қа қысым көрсетуге даяр

02.05.2025, 11:15 533

АҚШ мемлекеттік қарызының үлкен бөлігі Жапонияға тиесілі. Токио мұны Ақ үй әкімшілігімен баж салығы бойынша келіссөзде қысым тетігі ретінде қолдануға даяр. Бұл туралы елдің қаржы министрі Кацунобу Като жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбаты барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Американың Жапонияға қарызы 1 трлн доллардан асады. Токио осы сомада Құрама Штаттары үкіметінің құнды қағаздарына иелік етеді. Өткен айда Дональд Трамп әлемнің 185 еліне баж салығын көтерді. Ізінше нарықта АҚШ-тың мемлекеттік облигациялары жаппай сатылды. Сол кезде сарапшылар: «Мұның артында Токио тұр», – деген болжам айтты.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz