БҰҰ Газа секторындағы аштықты қолдан жасалған апатқа теңеді. Себебі Израильдің аймаққа гуманитарлық жүктерді кіргізбей отырғанына 2 ай болған.
Бүгін еврей елінің әскері Газа секторына көмек жеткізуге әрекет қылған «Бостандық флотилиясы» кемесін шабуылдады. Оған ұшқышсыз аппаратпен соққы жасап, бортында өрт шыққан. Кипрдің әскери кемесі дереу көмекке келіп, экипаж мүшелерін құтқарды. Қазір су көлігі Мальта жағалауында тұр. Газадағы гуманитарлық ахуал күннен-күнге ушығып барады. Тұрғындардың 90%-і азық-түлікке зәру. Осыған байланысты Газаның Денсаулық сақтау министрлігі өңірді «аштық аймағы» деп жариялап, халықаралық қауымдастықты медициналық бригадалар жіберуге шақырды.
Тегтер #БҰҰ #Газа секторы #Израиль #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz