RU
Толық нұсқаға өту

Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы отставкаға кетті

02.05.2025, 18:25 616

Оңтүстік Корея Президентінің міндетін атқарушы Хан Док Су отставкаға кетті, деп хабарлайды 24kz.

Өйткені келесі айда өтетін мерзімінен бұрын президент сайлауына қатысуға ниетті. Саясаткер елді сауда дағдарысынан алып шығуға уәде етіп отыр. Сондай-ақ президенттік мерзімді 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартып, конституциялық реформа жүргізетінін айтады. Саяси додаға оппозиция атынан бұрынғы губернатор Ли Чжэ Мён де түспекші.

Естеріңізде болса, былтыр желтоқсан айында мемлекет басшысы болған Юн Сок Ёль елде бірнеше сағатқа әскери жағдай енгізгені үшін қызметінен шеттетілген. Өйткені бұл әрекеті бүлікке теңелді. Осыдан кейін 3 маусымға мерзімінен бұрын сайлау белгіленді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz