Израильдегі орман өрті бақылауға алынды, деп хабарлайды 24kz.
Мамандар оны 30 сағаттай сөндіре алмай әлек болды. Тілсіз жау салдарынан ондаған адам жарақат алды. 2 мың гектардан аса орман алқабы өртеніп кетті. Бұл ел тарихындағы ең алапат өрт болды. Алғашында от қасақана қойылды деген күдік болып, 20-ға жуық адам қамауға алынған еді. Бірақ кейінгі мәлімет бойынша тілсіз жауға туристердің салғырттығы себеп деген болжам бар. Тергеу әлі жалғасып жатыр.
Тегтер #Израиль #орман өрті #бақылау #тергеуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz