RU
Толық нұсқаға өту

Германияда биогаздан метанол өндіретін зауыт іске қосылды

03.05.2025, 09:15 531

Соңғы жылдары Германияның жасыл технологияны дамытуда аяқалысы қарқынды.

Мұнда жуырда бірегей зауыт іске қосылды. Кәсіпорында кәріз суынан метанол өндіріледі.

Жаңа өндіріс ошағы Германияның Мангейм қаласында салынды. Кәсіпорын метанолды кәріз суын тазарту арқылы өндіреді. Бұл үшін осы процес кезінде түзілген биогаздан көмірқышқыл газы бөлініп алынады. Содан кейін ол сутегінің көмегімен метанолға айналдырылады. Озық технологияның артықшылығы зиянды заттардың атмосфераға таралуын азайтады. Әдетте, метанолды мұнай мен табиғи газдан өндіреді. Ал, оның қоршаған ортаға зияны көп, - дейді мамандар. 

Франсиско Видаль Васкес, зауыттың техникалық директоры:

- Кәсіпорынның екі негізгі ерекшелігі бар. Біріншісі, метанол өндіруде экологиялық таза әдіс қолданады. Екіншіден, зауыттың өзі қуатты күн және желден, яғни баламалы энергия көздерінен алып, жұмыс істейді.

Өндіріс көлемі әзірге үлкен емес. Тәулігіне шамамен 50 келі метанол өндіріледі. Десе де, бұл отынға нарықта сұраныс жоғары, - дейді жоба авторлары. 

Франсиско Видаль Васкес, зауыттың техникалық директоры:

- Қазір әлемде жылына 100 миллион тоннадан аса метанол тұтынылады. Оның басым бөлігі химиялық өнеркәсіпте қолданылады. Шикізаттың бір бөлігі отын ретінде пайдаланылады. Бұған кемелерді мысал ретінде келтіруге болады. 

Германия билігі соңғы жылдары «жасыл» технологияға ауқымды инвестиция құйды. Тек былтырдың өзінде 3 млрд еуро бөлген. Кәріз суынан метанол өндіретін бұл зауыт осы жоба аясында іске қосылып отыр. 

Зайнұр Байжігіт

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz