Пәкістан баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Құрылғының ұшу қашықтығы 450 шақырымға тең. Жергілікті қарулы күштердің мәліметіне қарағанда Исламабад әскердің ұрыс қимылдарына дайындығын шұғыл қамтамасыз ету үшін осындай тәжірибе жасаған. Өйткені сынақ жұмыстары Нью-Делимен шиеленіс қыза түскен кезеңде жүргізілді.
22 сәуірде Үндістанның Джамму мен Кашмир штатында пәкістандық қарулы топ туристерге оқ атып, 26 адам қаза тапты. Үнді билігі шабуыл үшін Пәкістанды айыптап, «лаңкестерді қолдады» деп мәлімдеді. Алайда Исламабад мұны жоққа шығарып, жауапкершіліктен бас тартып отыр.
Тегтер #Үндістан #Пәкістан #баллистикалық зымыран #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz