Австралия премьер-министрі Энтони Албаниз екінші мерзімге қайта сайланды. Кейінгі 20 жылда елдегі үкімет басшыларының ешқайсысы бір мерзімнен артық отырған емес. Парламенттік сайлаудың нақты нәтижелері әлі жария етілген жоқ. Бірақ алдын ала есептеулер бойынша Энтони Албаниз басқаратын Лейбористік партия жеңіске жеткен.
Австралияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау бір апта бойы жалғасты. Ол 3 жылда бір рет өтеді. 2022 жылдан бері билік басында лейбористер отыр. Оған дейін билік 9 жыл бойы оппозицияның қолында болды.
Тегтер #Австралия #премьер министр #сайлау #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz