Румынияда президент сайлауының бірінші кезеңінде ультраоңшыл партия жетекшісі Джордж Симион жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес ол сайлаушылардың 40% дауысын жинаған.
Үміткер қажетті дауыс санын жинай алмаған соң саяси науқан әрі қарай жалғасады. Екінші кезең 18 мамырға жоспарланған. Саяси додада бірінші, екінші орын иеленген үміткерлер бақ сынайды. Бұл кезеңде Симион мен оның қарсыласы, оңшыл-орталық күштердің негізін қалаушы әрі Бухарест мэрі Никушор Дан қатысады. Оны сайлаушылардың 20%-і қолдаған.
Тегтер #Румыния #президент сайлауы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz