RU
Толық нұсқаға өту

Ташкентте гүлдер фестивалі өтті

05.05.2025, 12:00 536

Ташкент көшелері гүлзар баққа айналды, деп хабарлайды 24KZ. Ел астанасында дәстүрлі гүлдер фестивалі ұйымдастырылды. Бір миллионға жуық көшет отырғызылды. Қала тұрғындары мен қонақтары ерекше мерекенің куәсі болды.

Гүл – сұлулықтың, әсемдіктің белгісі. Тіпті адам жанын емдейтін, көңіл-күйін көтеретін қасиеті де бар деседі. Ташкенттегі гүлдер фестивалі соған дәлел. Әсіресе әйелдер қауымының жүздері жайдары, құлпырған гүлдерден қуат алғандарын жасырмайды.

Сауалнама:

- Бүгін, міне, гүлдер фестиваліне келдік. Осымен екінші мәрте қатысуым. Гүл адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Гүлді көріп, көңілің ашылады.

- Дәстүрлі гүлдер фестиваліне келуге асығып тұрамыз. Айнала әдемі болып кетеді. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын.

- Бұл үлкен қуаныш, әсіресе сыйлаған кезде қуат алып, ерекше күйге бөленесің. Небір гүлдерді көрдік. Фестиваль керемет өтіп жатыр.

Жұрт назарына ұсынылған гүлдердің жартысы жасанды. Тек 1 миллионы ғана флористердің төл туындысы. Фестиваль қонақтары гүлмен көмкерілген ұшақ, түрлі түске сәнделген көне көлік жанында суретке түсуге құмар.

Атхамжон Мирзаев, ұйымдастырушы компания өкілі:

- Бұл гүлдерді егуге 1 ай бұрын дайындалдық. Әр гүлдің өз күтімі бар. Жерді дайындауға да біраз уақыт кетеді. Шамамен бас-аяғы 2 айда осындай бақты, ерекше композицияларды жасап шығардық. Әрбірінің сызбасы алдын ала тексерістен өткен.

Шараны мыңдаған мейман тамашалап үлгерді. Енді саябақ аумағы кеңейіп, қаланың басқа да жерлеріне гүл егу көзделіп отыр. Жасыл желектің көбейгені экологиялық жағдайды да жақсартпақ. Себебі ел астанасында ауа сапасы анау айтқандай жақсы емес. Әсіресе қыс айларында Ташкент әлемдік рейтингте ауа сапасы өте нашар Үндістанның Нью-Дели, Калькута сияқты шаһарларымен бір қатарда тұрады. Бұл үрдістен арылу үшін мемлекет экологиялық бастамаларды қолға алып жатыр.

Авторы: Дулат Нуркин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz