Иран жаңа баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді, деп хабарлайды 24kz.
Ракета 1200 шақырым қашықтыққа ұша алады. Нысанаға дөп тиіп, соққы жасайды. Кедергілерді оңай еңсереді. Ислам Республикасының қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша көп елдің әуе қорғаныс жүйесі бұл зымыранды қағып түсіре алмайды. Тегеран өзіне қарсы қарулы шабуыл жасалса, орта қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымыранды қолдануға даяр екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, өткен айда батыс ақпарат құралдары Израиль, Иранның ядролық нысандарын жоюға ниетті екенін хабарлаған еді. Алайда, АҚШ Президенті Дональ Трамп елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды уақытша райынан қайтарған көрінеді.
Тегтер #Иран #баллистикалық зымыран #сынақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz