RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда шектен тыс ірі бұршақ жауды

06.05.2025, 10:00 921

Қытайда алманың үлкендігіндей бұршақ жауды.

Жүздеген үй, көліктер мен егінге орасан зақым келген. Сычуань провинциясындағы Цинчуань уездінде төпелеп жауған жауынның арты бұршаққа айналып 10 минут бойы тоқтаусыз жауған. Жергілікті жерде төтенше жағдайдың қызғылт сары деңгейі жарияланды. Жұдырықтай түйіршік мұздар үйлердің шатырын шұрық тесік етіп, жүздеген көліктің терезесі сынды. Ең бастысы адамдар аман. Бірақ жарақат алғандар бар. Жұрт қыруар шығынға батты. Әсіресе ауыл шаруашылығына орасан зияны тиген. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр. Метеорологиялық қызмет мұндай жағдай кейінгі 10 жылда болмағанын мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz