RU
Толық нұсқаға өту

Skype мессенджері жұмысын тоқтатты

06.05.2025, 11:13 515

Скайп ((Skype)) мессенджері ресми түрде жұмысын тоқтатты.

Бұл туралы қосымшаға иелік ететін Майкрософт ((Microsoft)) компаниясы хабарлады. 21 жыл қызмет көрсеткен қосымшаның барлық пайдалану функциясы автоматты түрде Майкрософт Тимс ((Microsoft Teams)) жүйесіне өтеді. Компания басшылығының мұндай шешімге келуіне сұраныстың төмендеуі себеп. Өйткені пайдаланушылардың дені Скайпқа қарағанда телеграм, зум және ватсап желісін жиі қолданады. Компания қолданушыларына аккаунтта сақталған жеке мәліметтерді келер жылға дейін көшіріп алуға кеңес береді. Әйтпесе барлық мағлұмат автоматты түрде өшіріледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz